03 Наурыз, 2016

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бұйрығы  №29

387 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
2016 жылғы 15 қаңтар, Астана қаласы «Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының айналымы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 19 мамырдағы №462 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. «Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының айналымы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 19 мамырдағы №462 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11394 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 26 маусымда, «Егемен Қазақстан» газетінде 2015 жылғы 28 шілдеде №141 (28619) болып жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: осы бұйрықпен бекітілген «Есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын әкелуге, әкетуге және транзиттеуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде: 4-бөлім алынып тасталсын. 2. Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау департаменті (С.Т.Құсетов) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға жолдауды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды; 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-лейтенанты М.Ғ.Демеуовке жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі Қ.ҚАСЫМОВ. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 16 ақпандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №13084 болып енгізілді.